Тағы екі қалада оқушылар қашықтан оқыту форматына көшеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қарағандыда бүгін, 11 қаңтар күні, бірінші және екінші ауысымның 0-11 аралығындағы сынып оқушылары ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Бұл туралы ҚазАқпарат Қарағанды қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ, бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты Көкшетау қаласындағы мектептерде бірінші ауысымның 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқиды.

Бұл туралы Көкшетау қаласының білім бөлімінен мәлім болды.

Осыған дейін Астана мен бірқатар өңірде екінші ауысымда оқитын балалар мектепке бармайтынын хабарлаған едік.