ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық Колмаков пен Рейхерд могулдан финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық спортшы Дмитрий Рейхерд 81.23 көрсеткішімен үштікті түйіндеді. 86.07 ұпай жинаған канадалық Микаэль Кингсбери көш бастаса, екінші орынды - ресейлік Александр Смышляев (83.93) иеленген.
Сондай-ақ, қазақстандық фристайлшы Павел Колмаков іріктеу сайысында 79.98 ұпаймен жетінші орын алып, финалға өтті.
Айта кетейік, бұған дейін әйелдер арасында могулдан қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева финалға жолдама алған еді.
Фото: Изтурган Алдауев
Басты фото: "ҚазАқпарат" коллажы
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.