«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, 10 шілдеде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл соғып, бұршақ жауады. Оралда 10 шілдеде найзағай ойнайды. Дауылдың ықтималдығы 90-95 %.
10-12 шілде күндері күндіз Түркістан облысының басым бөлігінде 40-43 0 С-қа дейін аптап ыстық болады. 10 шілдеде кей жерлерде шаңды дауыл соғып, шығыстан жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел еседі.
Шымкентте 10-12 шілде күндері күндіз 40 0 С-қа дейін қатты ыстық болады. 10 шілдеде таңертең және күндіз шаңды дауыл соғады, шығыстан есетін желдің жылдамдығы 15-20 м/с.
Түркістанда 10-12 шілде күндері жететін аптап ыстық болып, ауа температурасы 41-43 0 С-қа дейін жетуі ықтимал. 10 шілдеде шаңды дауыл соғып, шығыс желінің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Дауылдың ықтималдығы 90-95 %.
Бұдан бұрын хабарланғандай, аптап ыстық салдарынан Қазақстанның жеті облысында ескерту жарияланды.