«Тахограф» - қауіпсіздік қызметінде» акциясы өтеді

None
АСТАНА. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат. Қазанның 4 мен 31-і аралығында а ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті «Тахограф» жыл сайынғы акциясын ұйымдастырады,

деп хабарлайды ККМ баспасөз қызметі.

Осы акция автожолдардағы жол-көлік оқиғалары санын төмендетуге, автомобиль көлігімен жолаушыларды, багажды және жүктерді қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етуге, сонымен бірге автокөлік құралдары жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимі бойынша бұзушылықтарды анықтау және алдын алуға бағытталған.

Республикаішілік тасымалдарда тахографтың қолданылуы міндетті болып табылатын қатынастардың түрлері көбейді. Мұнда қазіргі қолданыстағы, сондай-ақ сандық тахографтарды пайдалануға жол беріледі.

Акция барысында «Автомобиль көлігі туралы» ҚР заңының 9-бабына сәйкес қауіпті жүктерді тасымалдайтын, халықаралық, қалааралық және облысаралық жолаушылар, багаж және жүк тасымалын іске асыратын автокөлік құралдары тексеріледі. Тасымалдаушыларға және автокөлік құралдарына жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін тіркейтін бақылау құрылғыларымен (тахографтармен) жабдықтау, сонымен бірге диаграммалық дискілерді жүргізу бөлігінде қойылатын талаптардың сақталуы бақыланатын болады.

Өткен жылы осындай акция барысында көліктік бақылау органдары 28 мың бірлік автокөлік құралдарын тексерді. 6 млн. 642 мың теңге көлемінде айыппұл өндірілді.

Бүгінгі күні ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті қызметінің негізгі бағыттарының бірі автомобиль көлігімен жолаушыларды, багажды және жүктерді қауіпсіз тасымалдауды, автожолдардағы жол-көлік оқиғаларының азаюын қамтамасыз ету мақсатында осындай сақтандыру шараларын өткізу болып табылады.

Анықтама. Қазіргі қолданыстағы және сандық тахограф - жылдамдық қозғалысын, жүрген жолды, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін үздіксіз тіркейтін құрылғы.

Бұл құрылғы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, өйткені қалааралық және халықаралық тасымалда болатын апаттардың негізгі себептерінің бірі жүргізушілердің шаршауы немесе осы көлік құралы үшін рұқсат етілген жылдамдық қозғалысын жоғарылату болып табылады.