«Таиланд футбол қауымдастығы Азия футбол конфедерациясына 2023 жылы өтетін Азия кубогын өткізуге үміткерліктен шығатындығы жайлы шешімін мәлім етті», - делінген конфедерация хабарламасында.
Қабылданған шешімнің себебі айтылмаған. Енді турнирді өткізуге тек Қытай мен Оңтүстік Корея үміткер болып отыр.
Азия Кубогы төрт жылда бір рет ұйымдастырылады. Келесі турнир 2019 жылы БАА-інде өтеді.