«Ресей Таиландтың ЕАЭО-ның жаңа мүшесі болу өтінімін қолдауға уәде берді», - деп жазады басылым министрдің сөздерін.
Бұған дейін ТАСС агенттігіне берген сұхбатында Дон Прамудвинаи Таиланд билігі ЕАЭО-мен еркін сауда аймағын құруды таразылап қойғанын, алайда Бангкок үшін қажетті ішкі процедураларды сақтап, келіссөздерге кірісу үшін белгілі бір уақыт қажет екенін жеткізген.
Таиланд СІМ-нің басшысы Бангкок ЕАЭО-ны әлеуетті сауда серіктес ретінде бағалап отырғанын айтқан.