Таиланд: Қарулы адамдар оппозиция шеруіне оқ жаудырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиландта белгісіз қарулы адамдардың оппозиция шеруіне шабуыл жасауы салдарынан 2 адам қаза тауып, 41-і жарақат алды. Ауыр жарақат алғандардың қатарында сегі жасар қыз бар, оқ оның басына тиген, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

Олар Халықтық демократиялық реформа комитеті ұйымдастырған шеруге көлікпен келіп, адамдарға қарата оқ жаудырған әрі екі мәрте жарылғыш құрылғыны іске қосқан. Айта кетерлігі, Таиланд оппозициясы мұндай шерулерде қарулы күзеттің көмегіне жүгінуде. Бірақ шабуыл жасағандарға олардың қарымта жауап қайырғандығы жайында еш ақпарат жоқ. Оқиға Бангкоктен шығысқа қарай шамамен 300 шақырым жердегі Трат өлкесінде орын алып отыр.