Бұл жайында ҚР Сыртқы істер министрлігінің Telegram парақшасында жарияланған ақпаратта айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ведомство мәліметінше, Таиландқа бару үшін Қазақстан азаматтары шетелдердегі Корольдіктің дипломатиялық өкілдіктерінің бірінде кіру визасын рәсімдеуі қажет. Тай тарапының бұл шешімі 2020 жылғы 13 наурыздан 30 қыркүйекке дейін қолданыста болады және коронавирустың таралу деңгейі төмендегеннен кейін қайта қаралады.
«Осыған қарай, ҚР азаматтарына осы елге жоспарланған сапарларына алдын-ала дайындалу қажеттілігіне назар аударамыз»,- деді министрліктен.