Таиланд королі өзін балағаттағаны үшін түрмеден бір-ақ шыққан американдықты босатты

АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Таиланд королі Пумипон Адульядет 2011 жылдың желтоқсанында ғаламторда монархты балағаттағаны үшін 2,5 жылға түрмеге отыру жазасына кесілген АҚШ азаматы кешірді,

деп хабарлайды Reuters . Американдық азамат 10 шілде күні түрмеден босатылды.

Лерпонг Вичайхамат есімімен белгілі Джо Гордон өз блогында таиланд тілінде Адульядеттің «Патша ешқашан күлімдемейді» атты өмірбаянын орналастырғаны үшін сотталды. Таиланд елінде бұл кітапқа тыйым салынған.