Таиландтың Паттани курортыңда екі жарылыс болып, бір адам көз жұмды, 30 адам зардап шекті. Бұл туралы Reuters агенттігіне қалалық полиция полковнигі хабарлаған.
Ол бірінші жарылыстың күндіз қонақ үй алдындағы автотұрақта болғанын және онда ешкім зардап шекпегенін айтты.
Екінші жарылыс караоке-барға қарама-қарсы орналасқан қонақ үй алдында тұрған жүк көлігіндегі жарылғыш заттың іске қосылуынан болған. Полицияның айтуынша, зардап шеккендер арасында шетелдіктер жоқ.