Таиланд парламентіне екі метрлік кесіртке кіріп кеткен

АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат - Тайланд парламентінің ғимараты шатырының астындағы вентиляциялық құбырдан екі метрлік кесірткі табылды.

Оны қауіпсіздік қызметі сыртқа шығара алмай, жақын маңдағы хайуанаттар бағының мамандары көмекке келген. Олар шатырдың және құбырдың бір бөлігін бұзуға мәжбүр болды. Содан кейін ғана кесіртке ұсталып, парламенттің қабырғасынан тысқа шығарылды. Оның ғимаратқа қалай кіріп кеткені белгісіз.