Таиланд пен Кувейтке тұрақты рейстер орындалуда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 31 қазаннан бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы аптаның бейсенбі және жексенбі күндері А320LR әуе кемесімен Алматы-Пхукет бағытында 2 рет тұрақты рейс орындап келеді, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Кувейттің «Jazeera Airways» әуе компаниясы A320/A20N әуе кемесімен Алматы және Эль-Кувейт қалалары арасында жаңа бағытта сәрсенбі және жексенбі күндері аптасына 2 рейс орындай бастады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.