Жанжал 15 маусымда Камбоджа парламентінің спикері Хун Сенмен телефон арқылы сөйлесіп, онда Чинават Таиланд армиясының қолбасшысын сынаған жазбасы жарияланғаннан кейін туды.
Пхэтхонгтхан келіссөздер тактикасының бір түрі ретінде тарап кеткен телефонмен сөйлескендегі өз ұстанымын қорғады. Бірақ сот өз үкімінде бұл дәлелді, сондай-ақ оның Таиландтың мүдделерін қорғауға тырысты деген шағымын қабылдамады.
ВВС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Чинават Камбоджа парламентінің төрағасы Хун Сенмен телефон арқылы сөйлесу елдің проблемаларын шешу және зорлық-зомбылықсыз бейбітшілікті қалпына келтіру үшін жеке сөйлесу болды деп мәлімдеді.
— Чинаваттың әрекеті ұлт мақтанышын қорғамай, жеке мүддені ел мүддесінен жоғары қойған, бұл өрескел кемшілік немесе этикалық нормаларды сақтамау, - деді сот.
Сот сонымен қатар оның әрекеті халықтың премьер-министрге деген сенімін жоғалтуға әкелді деп қосты.
Еске сала кетейік, этика ісі бойынша Таиланд соты премьер-министрдің тағдырын 29 тамызда шешетіні жайлы жазған едік.