Аталмыш арал Пхангнга провинциясының аумағында орналасқан және Симилан ұлттық саябағы құрамына кіреді. Бұған соңғы уақыттары Тачайдың табиғатына туристердің кесірінен біраз залал келтірілуі себеп. Сондықтан енді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Негізі мамыр мен қазан айлары аралығында Таиландтың барлық ұлттық саябақтары жабылады. Бірақ Тачай енді туристерді қабылдамайды.
06:27, 18 Мамыр 2016
Таиланд туристерге арналған аралдарының бірін жаппақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиланд билігі елдегі туристік аралдардың бірі Тачайды жабу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы BBC News хабарлайды деп хабарлады 24.kz.