НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Таиландтың Пхукет қаласында қаласында өтіп жатқан Thailand Open-2022 турнирінде қазақстандық Асланбек Шымбергенов қарсыласын нокаутқа түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Асланбек Шымбергенов жартылай финалда 69 келі салмақта таиландтық Атичай Фомсаппен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек екінші раундта қазақстандық боксшының басымдығымен аяқталды. Ол қарсыласын нокаутқа түсірді.
Таиланд боксшысына медициналық көмек көрсетілді. Нәтижесінде Асланбек финалға жолдама алды.
Айта кетсек, кешкі сессияда 63 келі салмақта екі қазақстандық Санатәли Төлтаев пен Сұлтан Мусинов кездесті. Жекпе-жекте Сұлтан Мусинов жеңімпаз атанды.
Халықаралық турнирде 91 келіде Нұрбек Оралбай отандасы Сағындық Тоғамбаймен қолғап түйістіріп, финалға жолдама алды.
Ал 57 келіде Серік Теміржанов жартылай финалда таиландтық Руджакран Джунтронгты 3:2 есебімен тізе бүктірді.
Сондай-ақ, 75 келіде Аятулла Тәкіжанов жартылай финалда қарсыласына есе жіберіп, жарыстың қола жүлдесін місе тұтты.
Финал 9 сәуірге белгіленген.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.