Зерттеушілер әдеттегі нормадан ауытқыған күн райын Эль-Ниньо табиғи құбылысымен байланысты деп отыр.
Ел дәрігерлері 1 наурыз бен 17 сәуір аралығында аптап ыстық салдарынан корольдік аумағында 29 бен 72 жас аралығында 21 адам көз жұмғанын мәлімдеді.
«Аптап ыстықтан болатын дерттерден сақтану қажет. Ыстық өткен адамға шұғыл медициналық көмек көрсетілмесе, өміріне қауіп төнуі мүмкін», - делінген ведомствоның ескертуінде.
10:49, 29 Сәуір 2016
Таиланда аптап ыстық 21 адамның өмірін қиды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиландта ауа температурасы 40 градус дейін жеткен аптап ыстықта 21 адам көз жұмды, деп хабарлады ТАСС.