Таиландқа демалуға барған бір топ қазақстандық Алматыға жете алмай отыр - БАҚ

АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Таиландқа демалуға барған бір топ қазақстандық ұшақтағы техникалық ақауға байланысты Бангкоктан Алматыға жете алмай отыр,

деп хабарлайды «Экспресс К» Facebook желісіне сілтеме жасап.

25 наурыз күні КС-933 рейсі Бангкокқа қонғаннан кейін ұшақ экипажы Boeing 757-200 лайнеріндегі гидрожүйелерінің бірінде сұйықтық деңгейінің төмендегенін хабарлаған. 168 жолаушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аталмыш ақауды жою жұмыстарын жүргізу шешімі қабылданып, Бангкок-Алматы рейсі кейінге қалдырылды, деп мәлім етті әуе компаниясынан.

Инженерлер ұшақты қысқа уақыттың ішінде қайта пайдалануға беру үшін бар күштерін салуда. Барлық қажетті материалдар, қосалқы бөлшектер мен құрал-жабдықтар жіберілді. Сонымен қатар Лондоннан Бангкокқа қосымша қажетті саймандар аттандырылды, деп жазады басылым өз материалында (авторы - Н.Терентьева).