Таиландта А/H1N1 вирусын жұқтырған нәресте туылды

АСТАНА. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат - Таиландта «доңыз тұмауы» вирусы жұққан нәрестенің туылу оқиғасы тіркелді. Бұл Таиландта тіркелген осындай алғашқы оқиға,

деп   хабарлайды ҚазАқпарат  Би-Би-Си телекомпаниясына сілтеме  жасап.

Дәрігерлер      тұмауды  жұқтырған    24 жастағы  келіншектің  ішіндегі 7 айлық баласын    операциямен алуға  мәжбүр болған.   Баланың  жағдайы   тұрақты деп  бағалануда.   Дәрігерлер,   А/H1N1  вирусы  балаға анасының  жатырында  жұққан деп пайымдап отыр.

Ал АҚШ-та  осындай  үш оқиғаның  тіркелгенін   айта кету керек.