АСТАНА. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - ҚР Елшілігі Таиландта апатқа ұшыраған ұшақтың бортында Қазақстан азаматтарының болуы туралы мәліметтерді анықтап жатыр. Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұдан бұрын мәлім болғанындай, Таиландта ішкі әуе байланысының ұшағы құлады. Соңғы ақпарат бойынша ұшқыш қаза болған, зардап шеккендердің ішінде 41 адам бар. Олар қазіргі кезде түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды», -деді баспасөз хатшысы.
«Ұшақ бортында Қазақстан азаматтарының болғаны немесе болмағаны туралы ақпарат әзірге жоқ. Біздің Елшілік бұл мәселемен айналысуда»,-деді І. Омаров.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.