Таиландта бірнеше жарылыс болды

АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Таиландтың оңтүстігіндегі Ялла провинциясында бірнеше жарылыс болды. Провинцияның түрлі аудандарында бір мезетте кем дегенде жеті жарылыс болды, деп хабарлады Утро.ру.

«Ондаған үйге зақым келіп, көптеген көліктер мен мотоциклдер зардап шекті. Қалада хаос туындап отыр», - делінген жергілікті басылымның ақпаратында. Бесінші ұлттық телеарна кем дегенде бір адамның қаза тапқанын және кем дегенде отыз адамның зардап шеккенін хабарлады.

Полиция лаңкестік әрекетті 2004 жылдың қаңтарынан бері Таиландтың оңтүстігінде әрекет етіп жүрген исламдық сепаратистерден көріп отыр.