Таиландта дзюдодан Азия чемпионаты басталды
АСТАНА. KAZINFORM - Таиланд астанасы Бангкокте дзюдодан Азия чемпионаты басталды.
Қазірге дейін ел құрамасынан Ержан Еренғайыпов (66 келі) сәтті бастап, алғашқы белдесуінде Солтүстік Корея спортшысынан жеңді. Осылайша келесі кезеңге жолдама алды.
Айта кетсек, 48 келіге дейінгі салмақта еліміздің намысын қорғаған Диана Буркеева моңғолиялық дзюдошы Ганбаатар Нарантсетсегке есе жіберіп, жарысты ерте аяқтады.
Сондай-ақ бүгін ел құрамасынан Ғалия Тынбаева (48 келі), Толғанай Әбеуова (52 келі), Шерзод Давлатова (60 келі), Нұрәділ Әлжан (60 келі) сынға түседі.
Сондай-ақ алдағы күндері ерлер құрамасында Есет Қуанов (73 келі), Мәди Амангелді (81 келі), Азат Күмісбай (81 келі), Ермахан Әнуарбеков (90 келі), Максим Мейірлан (90 келі) және Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) сынға түседі.
Ал әйелдер құрамасында Бақыт Құсақбаева (57 келі), Эсмигүл Куюлова (63 келі), Кристина Сотникова (70 келі), Назгүл Маратова (78 келіден жоғары), Ақерке Рамазанова (78 келіден жоғары) сынды балуандарға сенім артамыз.
Бұл турнирге танымал балуандар Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев және Әбиба Әбужақынова қатыспайды. Бапкерлер ұйғарымымен олар алдағы жарыстарға дайындалады.