Келесі аптаның аяғында Таиландта мерзімінен бұрын сайлау өтуі тиіс болатын. Ереуілшілер сайлау өтетін мекемелерді басып алды. Олар премьердің отставкасынан бөлек, елдің саяси жүйесін реформалауды талап етіп отыр.
Осы орайда, Таиландтың электоралдық комиссиясы 2 ақпанға белгіленген сайлаудың мерзімін басқа күнге ауыстыруды сұрады.