Таиландта қонақүй ғимараты опырылып құлады (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиландта қонақүй ғимараты опырылып құлады. Жергілікті полицияның мәліметтерінше, оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бірнешеуі үйінділердің астында қалған.

The Nation басылымының атап өтуінше, Siam Beach Resort екіқабатты қонақүйі Таиландтың шығысындағы Ко Чанг аралында опырылып құлады. Оның салдарынан бір адам қаза тауып, жеті адам үйінділердің астында қалды. Із-түссіз жоғалғандардың арасында екі жасар бала бар.

Жергілікті полиция зардап шеккендердің арасында шетелдік туристердің болу-болмауын нақтыламай отыр, деп жазады РБК.

Ғимараттың опырылып құлауының болуы мүмкін себептерінің бірі ретінде оның астындағы топырақты шайып жіберген нөсер жаңбыр аталады.