деп хабарлайды РБК агенттігі.
Мейрамхана алдында тұрған Toyota жүк көлігіне қойылған жарылғыш құрылғы жергілікті уақытпен сағат 12:30-да іске қосылған. Лаңкестік салдарынан ешкім қаза болған жоқ, бірақ ең аз дегенде 18 адам түрлі жарақат алды.
Полицияның бағалауынша, бомбаның қуаты шамамен 50 килә тротилға тең болған. Бұл жолы лаңкестердің бомбаны жару үшін жанкештіні пайдаланбай, ұялы телефон қолданғаны айтылуда.
Соңғы аптада содырлар Таиландтың оңтүстігіндегі бірнеше провинцияда лаңкестік әрекеттер жасады. Олар негізінен үкімет армиясының әскери қызметкерлеріне шабуыл жасауда.
Таиландтың оңтүстігіндегі конфессиялық қақтығыс ХХ ғасырдың бас кезінен, Таиланд халқының басым бөлігі мұсылман Наратхиват, Яла және Паттани провинцияларын өзіне қосып алғаннан кейін басталғанын айта кету керек. Соңғы 5 жылда үкімет жасақтары мен сепаратистердің арасындағы қақтығыстардың салдарынан 3,7 мыңнан астам адам қаза тапқан.