Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Чианг Мэйде (Таиланд) бокстан Азия чемпионаты ұйымдастырылады.
Қазақстанның атынан шаршы алаңда өнер көрсететін спортшылар тізімі белгілі болды.
Олар:
48 келі - Санжар Тәшкенбай
51 келі - Сәкен Бибосынов
54 келі - Махмұд Сабырхан
57 келі - Оразбек Асылқұлов
60 келі - Бейбарыс Жексен
63,5 келі - Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
67 келі - Дулат Бекбаков
71 келі - Абылайхан Жүсіпов
75 келі - Диас Молжігітов
80 келі - Ерасыл Жақпеков
86 келі - Бекзад Нұрдәулетов
92 келі - Сағындық Тоғамбай
92 келі - Айбек Оралбай.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасының бапкерлік кеңесі осы Азия чемпионатына қатысатын боксшыларды бекіткенін жазғанбыз.