Жандос Бижігітов ересек спортшылар арасында 43,6 км қашықтықта жарысқа шығып, екінші орынға ие болды. Бұл сында алтын алқа жерлесімізден 2 минутқа озған Иран өкілі Хуссейн Аскариге бұйырды. Үздік үштікті корейлік спортшы Хьен Мин Чо тұйықтады.
Татьяна Генелева жасөспірім қыздар арасында 10,9 км қашықтықтағы сынға қатысып, күміс алқаға қол жеткізді. Спортшымыз жеңімпаздан шамамен 10 секундқа қалып қойған. Нәтижесінде алтын медальға жапониялық Юми Каихара, ал қола алқаға вьетнамдық спортшы Ту Май Нгуен Ти ие болды.