Таиландта парламенттік сайлаудың қосымша туры өтетін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиландта 2 ақпан күні тәртіпсіздік салдарынан парламенттік сайлау өткізілмеген округтерде қосымша тур ұйымдастырылатын болды. Ол 27 сәуірге белгіленді.

Бұл туралы елдің сайлау комиссиясының мәлімдемесінде айтылады.

«2 ақпанда сайлау өтпеген округтерде дауыс беру 27 сәуірге белгіленді», - деді комиссия төрағасы Сомчай Сисуттхиякон.

Таиландтағы сайлау осы ел қоғамының екі лагерьге - беделді саяси отбасылық Чинават кланының жақтастары мен оның қарсыластарына бөлінуінің аса бір шиеленіскен тұсында өтті. Басты оппозициялық партия (Демократиялық) сайлауға бойкот жариялады, деп хабарлады РИА "Новости".