Таиландта премьер-министрге екі күндік үзілді-кесілді талап қойылды

АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Таиландта оппозиция көшбасшысы Сутеп Таугсубан премьер-министр Йинглак Чинаватпен кездесіп, «билікті халыққа қайтару» үшін үкіметтің екі күн уақыты бар екенін хабарлады. Ол бұл туралы аталған кездесуден кейін хабарлады, деп жазады шетелдік БАҚ.

Оның сөзіне қарағанда, келіссөздер барысында тараптар ымыраға келе алмады. Сонымен қатар оппозиция өкілі егер талаптар орындалмаған жағдайда наразылық білдірушілер қандай іс-қимылдарға баратындығын нақтылап өтті.

Бұдан бұрын наразылыққа қатысушылар үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп, Бангкокте үкіметтік мекемелердің, телекомпаниялардың және бас полицейлік басқарманың ғимараттарын қоршауға алған болатын. Тәртіпті сақтау күштерімен қақтығыстар барысында төрт адам қаза болып, ондаған адам жарақат алды.

Акцияға қатысушылар премьер-министр Йинглак Чинаватты қуғында жүрген өзінің ағасы, яғни Таиландтың қызметінен түсірілген бұрынғы үкімет басшысы Таксин Чинаваттың бұйрықтарын орындап отыр деп айыптауда.