Журналистердің мәліметінше, көптеген аудандарда су деңгейі 1,5 метрден асқан, электр жарығы жоқ. Аралдың әуежайы ішінара өз жұмысын жандандырып, екі ұшақтың Бангкокқа ұшуына рұқсат берді. Жалпы алғанда 32 рейс тоқтатылған.
15:36, 29 Наурыз 2011
Таиландта Самуи аралынан адамдарды қауіпсіз жерлерге көшіру басталды
АСТАНА. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Таиланд билігі Самуи аралының су басқан аудандарындағы халықты үстірттегі қауіпсіз жерлерге көшіре бастады, деп хабарлайды жергілікті БАҚ ақпараттарына сілтеме жасаған Утро.ру агенттігі.