Таиландта СПИД-ке ұқсас жаңа ауру табылды

АСТАНА. 29 тамыз. ҚазАқпарат - Ғалымдар иммундық жүйеніің бұзылуына байланысты жаңа ауру түрін зерттеуде, деп хабарлайды ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

Әзірге жаңа індетке 50 жастар шамасындағы Таиланд тұрғындары ғана ұшырап отыр. Ол ересек адамдарда ғана кездеседі, адамнан адамға жұқппайды. Бұл аурудың алғашқы белгілері 2004 жылы белгілі болған. Онымен Таиландта 200 адам сырқатқа ұшыраған, бірақ та одан қаза болғандар туралы хабарланған жоқ.
 
АҚШ-тың аллергия және жұқпалы аурулар ұлттық институтының Сара Брауни бастаған ғалымдары тапқан бұл сырқатқа ұшырағандарда иммундық жүйе істен шығып, организм инфекцияға қарсылық көрсете алмайды. Оның айтуынша, ол иммун жетіспеушілігінің бір түрі, тұқым қуалайды және есейген шақта білінеді.