Таиландта су тасқынынан қаза тапқандар саны 145 адамға жетті

Фото: Синьхуа

АСТАНА. KAZINFORM — Таиландтың оңтүстігіндегі ауқымды су тасқынынан қаза тапқандар саны 145 адамға жеткені мәлім болды, деп хабарлайды Синьхуа.

Бұл туралы ел үкіметінің ресми өкілі Сирипонг Ангкасакулкиат жұма күні өткен брифингте мәлімдеді.

— Таиландтың оңтүстік аймағында жалпы 145 адам қаза тапты, ең көп зардап шеккен Сонгкхла провинциясында 110 адамның өлімі тіркелді, — деп хабарлады ол.

Бұған дейін Таиландтың оңтүстігінде су тасқыны салдарынан жүздеген турист эвакуацияланғаны хабарланған болатын.

Соңғы үш ғасырдағы ең күшті су тасқынының шығыны 300 миллион доллардан астам сомаға жуықтады.