АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан азаматы Таиландта адам өлтірмек болғаны үшін ұсталды деген ақпаратқа қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігі ресми мәлімет күтіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кейбір БАҚ беттерінде Таиландта қазақстандық азаматтың ұсталғаны хабарланды. Мәліметке сәйкес, ол Пхукет аралында тапсырыспен Ресей азаматын өлтіруге оқталған.
ҚазАқпарат тілшісі мәселенің мән-жайын анықтау үшін ҚР Сыртқы істер министрлігіне жүгінді.
«Таиланд тарапынан әлі ресми ақпарат жоқ. Күтіп отырмыз», - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Дәулет Ізтілеу
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі. Бұған дейін "Қазконтент" АҚ e-history порталында тілші, "Елорда инфо" ақпарат порталында тілші болған. 2018 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.