Заңнаманы орындамағандарға ірі көлемде айыппұл салынады немесе бас бостандығынан айырылады, деп хабарлады сейсенбі күні The Nation газеті.
Басылымның жазуынша, темекі шегуге ең танымал 20 аумақта тыйым салынады. Соның ішінде, Пхукет аралындағы Патонг, курорттық Паттайедегі Джамтьен мен Районг провинциясындағы Мэ Пим де бар.
«Біз темекі шегуге толық тыйым салмаймыз, - деп түсіндіреді департаменттің басшысы Джатупон Бурупхат. - Темекі шегуге арналған орын жағажай аумағынан тысқары жерде орналасады. Темекінің тұқылын құмға тастауға немесе жағажайда темекімен серуендеуге болмайды».
Осы заңнаманы бұзған адам бір жыл бас бостандығынан айырылады немесе 100 мың бат көлемінде ( $3 мыңнан астам) айыппұл төлейді, деп нақтылады Бурупхат.