«Біздің арнайы қызмет өткен жылдың соңынан бастап жоғары әзірлік жағдайында жұмыс істеуде. Біз барлығына мән беріп, барлық жағдайды назарда ұстаймыз. Алайда дүрлігуге еш негіз жоқ», - деп мәлімдеді Таиланд Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бас хатшысы Тхавип Нетнийом.
Арнайы қызметте елдің оңтүстік өңірлерінің сепаратистері лаңкестік әрекетке дайындалып жатқандығы туралы мәлімет бар, деп хабарлады Таиланд полиция бастығының орынбасары Сривара Рансибрахманакул. Жергілікті баспасөз хабарлағандай, АҚШ елшілігі полиция басшылығына «Ислам мемлекеті» тарапынан Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне лаңкестік қауіп туралы ескерту жіберді.