Рекордты келісімшарт туралы Pattaya People порталы хабарлады.
Бір миллиондық шаянды мейрамхана иесі сатып алған. Соңғы үш айда сатып алушы Канокпумға қайта-қайта барып, ерекше шаянды сатуды сұраған.
Алғашында ол Чаокхунчанг атты шаян үшін 100 мың бат, кейін - жарты миллион бат ұсынған. Бұл соманы мейрамхана иесі екі есе көтергенде ғана, шаян өсіруші келісімін берді.
Ерекше боялған шаянмен бірге Сида есімді аналық пен оның 300 дернәсілі берілді. Ресторатор Чаокхунчанг пен Сида ұрпақ беріп, оның бизнесіне сәттілік әкеледі деп үміттенеді.