Аталмыш ведомствоның мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылдың 22 қазанынан бері ажал құшқандардың басым көпшілігі - ер адамдар. «Көптеген жағдайларда адамдардың өлімге ұшырауының негізгі себебі - олардың тым қатты тоңуы салдарынан сырқатқа ұшырауы немесе ауруларының асқынып кетуінен болып отыр», - деп хабарлады аталған мекеменің өкілдері.
Ауа райын болжаушылардың хабарлауынша, солтүстік және солтүстік-шығыс провинцияларда ауа температурасы түнгі уақытта төрт градус Цельсийге дейін төмендейді. Корольдіктің орталық аймағында да күн райы тым суық. Бангкокта 23 қаңтар күні таңертең ауа температурасы 15,6 C°-ді көрсеткен. Таиланд астанасында ауа температурасының бұлайша төмендеуі соңғы 30 жылда алғаш рет байқалып отыр. .
Тропикалық өлкенің тұрғындары енді әсіресе, таңертеңгілік уақыттарда жылы күртешелері мен бас киімдерін киіп жүруге мәжбүр.