Таиландта жарылысты ұйымдастыруы мүмкін күдіктілер ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайландтың туристік аймақтарында жарылысты жоспарлады деген күдіктілер ұсталды, деп жазды rosbalt.ru.

«Жарылысты дайындап, ұйымдастыруға қатысы бар алғашқы күдіктілер ұсталды», - делінген Таиланд ұлттық полиция бас басқармасы өкілінің хабарламасында.

Жарылыс Хуахин, Суратхани провинцияларында және Пхукет курортында болған.  Суратханидегі жарылыстан бір әйел қаза тауып, бір адам зардап шекті.  Хуахинде төрт адам, Пхукетте бір адам жараланған.