Таиландтағы лицензиялық турнирде Қазақстан боксшыларының қарсыластары белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін бокстан 24 мамыр - 2 маусым күндері аралығында Таиланд астанасы Бангкок қаласында 133 елден 579 спортшының қатысуымен өтетін шешуші әлемдік лицензиялық турнирдің жеребесі тартылды. 

Фото: Бокс федерациясы

Аталған турнирде Париж Олимпиадасының 51 жолдама иегері (ерлер – 28, әйелдер – 23) анықталады.

Ерлер:

63,5 келі. 65 боксшы (5 жолдама) 

1/32 финал

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (Қазақстан) – Кристиан Питт Лауренте (Филиппин)

Әйелдер:

50 келі. 34 боксшы (4 жолдама) 

1/32 финал

Назым Қызайбай (Қазақстан) – Николь Дурикова - (Словакия) 

Егер 1/16 финалға шықса, Оңтүстік Корея өкілі Жухуюнг Жангпен кездеседі. 

54 келі. 33 боксшы (4 жолдама) 

1/16 финал

Ұлжан Сәрсенбек бірінші айналымда бос. Ол АҚШ және Канада боксшыларының бірімен жұдырықтасады.

60 келі. 30 боксшы (3 жолдама) 

1/16 финал

Римма Волосенко (Қазақстан) - Фелиситас Мария Ганглбайер – (Германия)

66 келі. 37 боксшы (4 жолдама) 

1/16 финал

Наталья Богданова (Қазақстан) - Кристина Кулухова - (Сербия) 

75 келі. 30 боксшы (4 жолдама) 

1/16 финал

Валентина Хальзова (Қазақстан) - Каролина Махно – (Украина).