Таиландтағы турнирде 12 боксшы жартылай финалда сынға түседі

Фото: Фото: Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті

АСТАНА. KAZINFORM — Таиланд астанасы Бангкокта Thailand Open халықаралық турнирінің ширек финалдық жекпе жектері аяқталды.

Дәстүрлі турнир 24 мамыр мен 1 маусым аралығында өткізіліп жатыр. Оған Қытай, Корея, Жапония, Өзбекстан, Қазақстан, Таиланд және тағы басқа елдің былғары қолғап шеберлері қатысады деп жоспарланған.

Ширек финалда ел құрамасынан 9 боксшы жеңіске жетті. Енді үшеуі жарысты жартылай финалдан бастайды.

60 келі. Виктория Графеева — Чи Зан (Сингапур) 5:0
70 келі. Наталья Богданова — Ньен Чен (Тайпей) 3:2
Ал Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (80 келі) және Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) жарысты жартылай финалдан бастайды.
50 келі. Нұрзат Оңғаров — Юн Таегун (Оңтүстік Корея) 4:1
55 келі. Нұрсұлтан Алтынбек — Мизогучи Сехуро (Жапония) 5:0
65 келі. Дулат Бекбауов — Мунарбек Сеиитбекуулу (Қырғызстан) 4:1
70 келі. Төрехан Сабырхан — Рональд Чавес (Филиппин) 5:0
80 келі. Диас Молжігітов — Роберт Мускита (Индонезия) 5:0
85 келі. Бекзат Таңатар 5- Джугно (Үндістан) 5:0
90 келі. Данияр Рахымбердиев — Евгений Павловский (Украина) 5:0

Айта кетсек, 30 маусым — 6 шілде аралығында Астана қаласында Әлем кубогы өтеді.