Таиландтағы бокс турнирінде қазақстандықтар алғашқы «алтынын» алды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пхукетте (Таиланд) Thailand Open-2022 бокстан халықаралық турнирде ақтық айқас басталды. Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов турнирдің алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстаннан алғашқы болып «алтынға» Серік Теміржанов таласты. Ол 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Оның қарсыласы филиппиндік Ян Кларк Баутиста болды. Жекпе-жек нәтижесі бойынша Теміржанов төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. Баутиста турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Сондай-ақ төрт қазақстандық ақтық айқас өткізеді: Сұлтан Мусинов (63 кг), Асланбек Шымбергенов (69 кг), Нұрбек Оралбай (81 кг) және Айбек Оралбай (91 кг).

Осыған дейін қазақстандық 5 боксшының Таиланд турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.