Қазақстаннан алғашқы болып «алтынға» Серік Теміржанов таласты. Ол 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Оның қарсыласы филиппиндік Ян Кларк Баутиста болды. Жекпе-жек нәтижесі бойынша Теміржанов төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. Баутиста турнирдің күміс жүлдегері атанды.
Сондай-ақ төрт қазақстандық ақтық айқас өткізеді: Сұлтан Мусинов (63 кг), Асланбек Шымбергенов (69 кг), Нұрбек Оралбай (81 кг) және Айбек Оралбай (91 кг).
Осыған дейін қазақстандық 5 боксшының Таиланд турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.