Пхукет провинциясының губернаторы Норапхат Плоттхонг балықшылардың көмегінің арқасында Пхукет аралының жағасында туристік кеменің апатқа ұшырауы кезінде қаза тапқан үш адамның мәйіті табылғанын жеткізді. Қазіргі уақытқа 45 адамның өлімі расталды, із-түссіз жоғалып кеткен екі адамның қайда екені белгісіз.
Губернатордың айтуынша, адам мәйіттерінің табылған жері мен белгілері бойынша олардың батып кеткен «Феникс» кемесінің жолаушылары екені расталды.
Еске салайық, 5 шілде күні Пхукет аралында «Феникс» және «Серената» кемелері дауылға кез болған. Салдарынан қисайып кетіп, суға батып кеткен. «Фениксте» барлығы 101 адам болған.
Фото: www.vesti.ru