Таиландтағы коменданттық сағат курорттарға да қолданылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиландтағы сағат 22.00-ден 05.00-ге дейін енгізілген әскери коменданттық сағат курорттық аймақтарға да қолданылады, деп хабарлады РИА Новости бейсенбі күні РФ елшілігінің консульдік бөлімінің меңгерушісі Андрей Дворниковке сілтеме жасап.

Таиланд құрлықтағы әскерінің қолбасшысы генерал Прают Чан-Оча бейсенбі күні елде әскери төңкеріс болғанын хабарлады.

. «Елдің туристік орталықтарында әзірге тыныш, туристерден билік әрекетіне ешбір шағым түскен жоқ. Алайда бүгін елде коменданттық сағат енгізілді, осыған байланысты ресейліктерді ескерткіміз келеді, 22.00-ден 05.00-ге дейін коменданттық сағат Бангкокке емес, елдің барлық аумағына, демек курорттық аймақтарға да енгізілді», - деп атап өтті ресейлік консул.