деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press сайтына сілтеме жасап.
Теміржол апатының жағдайын зерттеген комиссия нөмірі 84-інші пойыздың машинисі жұмысқа шығар алдында аллергияға қарсы дәріні қабылдағандықтан, оның әсері ұйқыбастылыққа әкелетінін назарға алды.
Тыйым салатын белгіден өтіп кеткеннен кейін жолаушылар пойызы жүк пойызымен бір жолға түскен. Вагондар құрамын басқа жолға бағыттауға әрекет еткен кезде жылдамдықтың жоғарылығынан 16 вагонның 6-ы рельстен шығып кеткен. Соның салдарынан жеті адам мерт болып, 88-і жарақат алған болатын.