НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Таиландтың Пхукет қаласында қаласында өтіп жатқан Thailand Open-2022 турнирінде әзірге жеті боксшы жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кешкі сессияда Санатәли Төлтаев пен Сұлтан Мусинов ( екеуі де 63 келі), Асланбек Шымбергенов (69 келі) ширек финалда сүрінген жоқ.
Осылайша олар жартылай финал жолдамасын жетеуге жеткізді.
Айта кетсек, бүгін тағы үш жолдамаға Аятулла Тәкіжанов (75 келі), Сағындық Тоғамбай және Айбек Оралбай (екеуі де 91 келі) ие болған еді.
Ал Таиландтағы турнирде қазақстандық тағы бір боксшы Нұрбек Оралбай бірден жартылай финалға шығып, жүлдегер атануға мүмкіндік алды.
Сондай-ақ, ел құрамасынан Тимур Нұрсейітов (75 келі) ширек финалда жарыс жолынан шығып қалды.
Енді ел құрамасынан Сәкен Бибосынов (52 келі) пен Серік Теміржанов (57 келі) ширек жекпе-жегін өткізеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.