Таиландтағы турнир: Қазақстанның төртінші боксшысы жартылай финалға шықты

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай ширек финалда қарсыласын қапы қалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол 91 келі салмақта үндістандық Гаурава Чауханмен қолғап түйістірді. Алғашқы екі раундта Айбек қарсыласын бет қаратқан жоқ. Төрешілер қазақстандық боксшының шеберлігін жоғары бағалап, жерлесіміз жеңімпаз атанды.

Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Аятулла Тәкіжанов (75 келі), Сағындық Тоғамбай (91 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Сондай-ақ, ел құрамасынан Нұрбек Оралбай жекпе-жек өткізбестен, бірден жартылай финалға шықты.

Ал, осы салмақта ел құрамасынан Тимур Нұрсейітов (75 келі) үндістандық Сумитке жол беріп қойды.

Айта кетсек, енді ел құрамасынан үш боксшы кешкі сессияда қарсыластарымен қолғап түйістіреді.

Халықаралық турнир 9 сәуірде аяқталады.