НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Таиландтың Пхукет қаласында бокстан халықаралық Thailand Open-2022 турнирінде кезекті жекпе-жектер өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін, 5 сәуірде рингке еліміздің атынан жеті былғары қолғап шебері шығады. Олар жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.
Турнирде 63 келіде Санатәли Төлтаев қытайлық Тайпей елінен Чу-Эн Лай қолғап түйістірсе, Сұлтан Мусинов вьетнамдық Ву Тан Датпен шаршы алаңға шығады.
Ал 69 келіде Асланбек Шымбергенов филиппиндік Маржон Пианармен кездессе, 75 келіде Тимур Нурсейітов үндістандық Сумитпен, Аятулла Тәкіжанов таиландтық Борворн Кадамнуан шеберлік байқасады.
Сондай-ақ, 91 келіде Сағындык Тоғамбай вьетнамдық Нгуйен Ман Куон, Айбек Оралбай үндістандық Гаурав Чауханмен жартылай финал жолдамасына таласады.
Елорда уақытымен күндізгі сессия 12.00-де, кешкі сессия 15.00-де басталады.
Еске салсақ, таиландтағы турнирде қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай бірден жартылай финалға шығып, жүлдегер атануға мүмкіндік алды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.