НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Нұрбек Оралбай Таиландтың Пхукет қаласында өтіп жатқан «Thailand Open» турнирінде жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол 81 келіде ел намысын қорғайды. Жеребе нәтиежесі бойынша ол алғашқы жекпе-жегін жартылай финалда бастайды. Оған таиландтық Анават Тонгкаток пен Жаңа Зеландиядан келген Оникс Ли жұбының жеңімпазы қарсылас атанады.
Сондай-ақ, 52 келіде Аятулла Тәкіжанов таиландтық Ситисак Чумкумарнды жеңіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Ел құрамасынан аталған салмақта әлем чемпионы Сәкен Бибосынов таиландтық тағы бір боксшыны тізе бүктірді. Ал 57 келіде Серік Теміржанов филиппиндік Марио Фернандестің осал тұсын тапты.
Еске салсақ, аталған турнирде олардан басқа аталған турнирде 63 келіде Санатәли Төлтаев пен Сұлтан Мусинов, 69 келіде Асланбек Шымбергенов, 75 келіде Тимур Нұрсейітов, 81 келіде Нұрбек Оралбай, 91 келіде Айбек Оралбай және Сағындык Тоғамбай сынға түсуге мүмкіндік алған.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.