«Үңгірден екі бала табылды. Олар үңгірден шығу үшін 4 шақырымдай жолды басып өткен», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, 23 маусым күні Таиландтағы ұлттық парк қызметкерлері үңгірге кіре берісте мотоцикл мен велосипедтерді, спорттық жабдықтарды тауып алған. Олар жергілікті футбол командасына хабарласып, ол жақтан табылған заттардың шынында да 11-16 жас аралығындағы 12 мектеп оқушысына және 25 жастағы бапкерге тиесілі екенін растаған. Олар адасып кеткен үңгірдің іші 10 шақырымдық жолдарға бөлінген. Бірнеше шығатын және кіретін бөліктері бар. Таиланд билігі үңгірде хабарсыз кеткен балаларды құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.