«Оңтүстік провинцияларда, Пхукетте бірқатар жарылыстар болды, негізгі екі жарылыс Хуихин қаласында орын алды. Ол жерде көз жұмғандар мен жарақаттанғандар саны көп. Қазіргі уақытта жарылыстан қаза тапқандар мен жапа шеккендер қатарында қазақстандықтар жоқ», - деді министрліктің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, бүгін түнде Таиландтың оңтүстігінде орналасқан курорттық аймақтарда - Сурат Тхани қаласында, Пхукет аралы мен Хуахин елдімекенінде бірқатар жарылыстар орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бір адам қаза тапты, кем дегенде 5 адам жарақат алды. Қаза тапқан адамның азаматтығы туралы ақпарат әлі таратылған жоқ.
Қазіргі уақытта Таиланд билігі Хуахинде кеше кешке орын алған жарылыстан жарақаттанған он шетел азаматының тізімін жариялады.